Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда пышақ жарақатын алған такси жүргізушісі көз жұмды

Опубликовано:

Такси
Такси. Көрнекі фото: pexels.com

Қарағандыда такси жүргізушісін өлтірді деген күдікпен 25 жастағы қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Медиа порталдың жазуынша, 27 қазан күні сағат 17.00 шамасында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне хабарлама келіп түскен.

Хабарламада Учительская көшесінде бірнеше пышақ жарақаты бар 59 жастағы азаматтың денесі табылғаны туралы айтылған.

Оқиға орнына облыстық полиция департаменті және қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу топтары жіберілген. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жәбірленушінің такси жүргізушісі болып жұмыс істегенін анықтаған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалған.

Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар барысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 25 жастағы қала тұрғыны ұсталған.

Ақпараттық порталдың мәліметінше, күдікті жол ақысына байланысты келіспеушілік туындағанын, жанжал барысында жүргізушіге пышақ жарақатын салғанын мойындаған.

"Кейін күдікті таксиді айдап кетіп, ЖБИ ықшам ауданына барар жолдағы теміржол өтпесінің жанына тастап кеткен. Қылмыс қаруы – пышақ тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - деп жазады басылым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1994929-qaragandyda-pysaq-zaraqatyn-algan-taksi-zurgizusisi-koz-zumdy/

pixel