Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 13 адам құтқарылды (фото)

Опубликовано:

Астана қаласында көпқабатты үйден шыққан өрт
Астана қаласында көпқабатты үйден шыққан өрт. Фото: Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті

Астанада 14 қабатты үйден өрт шығып, 13 адам құтқарылды. Олардың 9-ы балалар, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бүгін, 31 қазанда сағат 17:39-да Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшесіне Мәңгілік ел көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

"6 минут ішінде өрт сөндірушілер оқиға орнына жетті. 14 қабатты "Айсанам" тұрғын үй кешенінің жетінші қабатында, 40 шаршы метрлік пәтерде тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанып жатқаны анықталды. Оқиғадан зардап шеккендер мен құрбандар жоқ", - делінген министрлік хабарламасында.

Елордалық өрт сөндірушілер 13 адамды құтқарды. Құтқарылғандардың тоғызы балалар.

Өртті сөндіруге Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 20 адамы мен 5 техникасы қатысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1995113-astanada-kopqabatty-uiden-ort-sygyp-13-adam-qutqaryldy-foto/

pixel