Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда құрылыс алаңында шетел азаматы қаза тапты

Опубликовано:

құрылыс нысаны
Көрнекі фото: pixabay.com

Полиция қызметкерлері Талдықорғанда құрылыс объектісінде еңбек мигрантының қаза табуы бойынша тергеу жүргізуде. Қайтыс болған адам шетел азаматы екені белгілі болды. Бұл туралы ІІМ Telegram-арнасы хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 6 қараша күні құрылыс нысандарының бірінде жұмысшы қаза тапқан.

"24 жастағы жігіттің салынып жатқан ғимараттың 4-ші қабатынан абайсызда құлап қаза болғаны анықталды. Марқұм көрші елден еңбек мигранты ретінде келген шетелдік азамат болып шықты", - делінген хабарламада.

Полиция аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабы (Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

Бұған дейін Петропавлда лифтке күрделі жөндеу жұмыстары кезінде тоғыз қабатты үйде кабель үзіліп, салдарынан жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан 39 жастағы ер адам биіктіктен шахтаға құлап кеткен болатын. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1996128-taldyqorganda-qurylys-alanynda-setel-azamaty-qaza-tapty/

pixel