Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада екі жұмысшы 14-қабаттан құлап кетіп, біреуі көз жұмды

Опубликовано:

ТҮК құрылысы
Құрылыс. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада екі жұмысшы 14 қабат биіктіктен құлап кетті. Оқыс оқиғадан олардың біреуі қайтыс болды, ал екіншісі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram-арнасы.

Оқыс оқиға бүгін, 11 қараша күні болған. Астана полициясына екі адамның жоғарғы қабаттан құлап кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

"Мән-жайды анықтау барысында тұрғын үй кешенінің 14-қабатындағы құрылыс жабдығында тұрған екі жұмысшының жерге құлағаны анықталды", – делінген ведомствоның хабарламасында.

Сонымен қатар, полиция биіктен құлаған жұмысшының бірі алған жарақатынан сол жерде қайтыс болғанын, ал екіншісі ауруханаға жатқызылғанын айтты.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1996823-astanada-eki-zumyssy-14-qabattan-qulap-ketip-bireui-koz-zumdy/

pixel