Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Талдықорғандағы трагедия": Жол-көлік апатынан 4 жасар бала қайтыс болды (видео)

Опубликовано:

Жол-көлік апатының белгісі
Көрнекі сурет: pixabay.com

Жетісу облысында жол-көлік апатынан төрт жасар бала қайтыс болды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram арнасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жол-көлік апаты BMW 530, ВАЗ-2114 және Toyota Chaser автокөліктерінің қатысуымен болған.

Көліктердің соқтығысуы салдарынан 4 жасар бала көз жұмды. Сондай-ақ, жол-көлік апатынан ВАЗ-2114 автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі мен жолаушылардың бірі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

BMW 530 көлігінің 42 жастағы жүргізушісі Рақышев көшесінде ВАЗ-2114 көлігімен соқтығысып, автотұрақта тұрған Toyota Chaser көлігін де соққан.

Медициналық сараптамаға сәйкес, жол-көлік апатын жасаған жүргізушінің мас күйде болғаны анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1996856-taldyqorgandagy-tragediya-zol-kolik-apatynan-4-zasar-bala-qaitys-boldy-video/

pixel