Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда техникалық қызмет көрсету станциясындағы жарылыс видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Петропавлдағы ТҚК станциясындағы жарылыс
Жарылыс. Оқиға орнынан түсірілген видеодан кадр: Іnstagram.com/skopetro

Петропавлдағы техникалық қызмет көрсету станциясында тоғыз адам зардап шеккен жарылыс бақылау камерасының объективіне түсіп қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнында түсірілген кадрлар skopetro Instagram парақшасында жарияланды. Жарылыс сәті видеоға түсіп қалған. Төтенше жағдай орын алған жерден жалынның қалай шығып жатқанын көруге болады. Осыдан кейін адамдардың ғимараттан жүгіріп шыққанын, олардың бірнешеуінің киімі өртеніп кеткенін көруге болады.

Сондай-ақ жарияланған кадрлардан өрт сөндіргіш ұстаған адамның жарылыс болған жаққа қалай асыққанын көруге болады.

Оқиға кеше, 18 қараша күні сағат 16.00 шамасында болған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, автокөлікке орнатылған газ-баллондық жабдықтан газдың шығуынан алдын ала газ-ауа қоспасының жарылуы болды. Одан кейін өрт шығып, құрылыстар қираған.

Оқиға салдарынан тоғыз адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1997718-petropavlda-texnikalyq-qyzmet-korsetu-stanciyasyndagy-zarylys-videoga-tusip-qaldy/

pixel