Ақмола облысында мектептің жылыту қазандығы жарылып, үш адам зардап шекті

Опубликовано:

қазандық
Оқиға орнынан фото: ТЖМ

Бүгін Ақмола облысы Аршалы ауданында мектеп аумағында бөлек орналасқан қатты отынмен жанатын жылыту қазандығы жарылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 18 қарашада сағат 12.18-де Аршалы ауылындағы Тәшенов атындағы орта мектеп аумағында болған.

Жарылыстың салдарынан қазандық ғимараты опырылып құлаған. Өрт шықпаған.

оқыс оқиға
Оқиға орнынан фото: ТЖМ

ТЖМ хабарлауынша, оқиға орнынан үш адам - 1983 жылы туған шаруашылық меңгерушісі, 1990 жылы туған электрші және 1967 жылы туған от жағушы ауруханаға жеткізілген. Олардың барлығы есін біледі, қазір жағдайы нақтыланып жатыр.

Сондай-ақ ТЖМ құтқарушылар Holmatro техникасы және сүйменнің (лом) көмегімен зардап шеккендердің бірінің сол аяғын қысып қалған плита жабындысын жылжытқанын атап өтті. Содан кейін құтқарушылар автокранмен плитаны көтеріп, ер адамды үйінді астынан алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.

Құтқарушыларға ер адамға көмектесуде.
Оқиға орнынан фото: ТЖМ

Ал мектеп қашықтан оқытуға көшкен. Қазіргі таңда оқиға орнында жедел штаб құрылып, төтенше жағдайдың салдарын жою және жылумен қамтамасыз ету шаралары жүргізілуде.

Сонымен қатар Ақмола облысының білім басқармасы бұл жайттан ешбір оқушының зардап шекпегенін, зардап шеккен үш адамға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын атап өтті.

Ведомство бұл жайтқа қатысты тексерістен кейін кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылатынын және өңірдегі барлық жылыту қазандықтары тексерлетінін де жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1997832-aqmola-oblysynda-mekteptin-qazandygy-zaryldy-zardap-sekkender-bar/