Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ер адам әйелін атып өлтірді деген күдікке ілінді

Опубликовано:

мылтық
Аңшы мылтығы. Көрнекі фото: pexels.com

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Ақбастау ауылында ер адам әйелін балалардың көзінше атып тастады деген күдікпен ұсталды. Марқұм ауыл балабақшасының меңгерушісі болып қызмет еткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылым мәліметінше, Ақбастау ауылында 19 қарашада 47 жастағы ер адам әйелін 12 жастағы баласы мен көрші балалардың көзінше атып тастаған. Оқиға болған сәтте әйел анасының үйінде болған. Кеуде тұсынан тиген оқтан ол оқиға орнында жан тапсырған. Мылтығындағы екінші оқты ер адам өзіне қарата атқанымен, оқ басын жанап өтіп, шашын ғана күйдірген.

"Төбемізден жай түскендей болды. Дәл мұндай болады деп ойламадық. Өйткені, ерлі-зайыпты өте жақсы тұрды. Тәрбиелі отбасы. Ер адам ауылда тракторшы. Елдің бәріне көмектеседі. Ешкімді ренжіткенін көрген емеспіз. Тіпті ол төбелесе алмайтын адам. Сол күні мас болды деп естідік. Ал салынып ішіп, елдің мазасын алғанын естіген емеспіз", – дейді Ақбұлақ ауылының тұрғындары.

Белгілі болғандай, марқұм әйел ауыл балабақшасының меңгерушісі болып қызмет еткен.

"Әйелі 44 жаста. Шаруаға өте пысық адам. Мүмкін отбасында кикілжің болып тұрған шығар, бірақ естіген емеспіз. Күйеуі де сондай тамаша, алтын адам еді. Мүмкін қорқытайын деді ме, кім білсін. Бірақ ер адам ондайды істеуі мүмкін дегенге иланғымыз келмейді", – дейді ақбастаулықтар.

Ер адамның қолына қару алуына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Басылым полицияның тергеуді бастағанын мәлім етті.

"Тергеушілер адамды қасақана өлтірген 47 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сол күні күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қылмыс құралы – күдіктіге тиесілі аңшы қаруы тәркіленді", – дейді полицейлер.

Автор: Айдана Дайырова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1998379-almaty-oblysynda-er-adam-aielin-atyp-oltirdi-degen-kudikke-ilindi/

pixel