Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір үйдің екі баласы ауруханаға түсті": ТЖМ пешті пайдалануда аса сақ болуға шақырды

Опубликовано:

Өрт сөндірушілер
Өрт сөндірушілер. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғын үйлерде газдан улану жағдайының жиі кездесетінін айтып, халықты аса сақ болуға шақырды. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

ТЖМ-нің мәліметінше, тұрғын үйлерде улы газдан уланудың жиі кездесетін себептерінің бірі - жылыту пешін орнату және пайдалану ережелерін бұзу.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, жылы кезеңде үй иелері көбінесе пешті жылыту дағдылары мен сақтық шараларын ұмытады. Сондай-ақ жылыту пешінің өзі уақыт өте келе жарамсыз болып, кейде ақау шығады. Салдарынан адам өміріне қауіп төнуі мүмкін жайттар болып жатады.

Мәселен, 2022 жылғы 12 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы М. Жұмабаев ауданы Хлебороб ауылында жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылытылатын пештің мұржасы тазартылмағандықтан улы газ тарап, 1994 жылы туған азамат ауруханаға түскен.

Сондай-ақ 2022 жылғы 15 қарашада Павлодар облысы Ақсу қаласының Евгеньевка ауылында жеке тұрғын үйдегі пеш жарылған. Салдарынан үй иесінің 2011 жылы және 2009 жылы туған балалары көміртегі тотығымен уланып, ауруханаға жатқызылған.

Ал 19 қарашада Қостанай облысының Новоильиновка ауылында көміртегі тотығымен уланған 1932 жылы туған үй иесі қайтыс болған. Қайғылы жағдайға жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылытылатын пеш мұржасының тазартылмауы себеп болған.

Одан бөлек 21 қарашада Семей қаласының Восточный правый саяжай алабындағы жеке тұрғын үйдегі пеш мұржасының тазаланбауы салдарынан 1965 жылы туған үй иесі улы газдан уланып, ауруханаға түскен.

Осы орайда ТЖМ пешті пайдалану ережелерін қатаң сақтауды, оны бұзу салдары адам өліміне әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

Сонымен қатар мамандар улы газдан уланудың алдын алу үшін төмендегі ережелерді есте сақтау қажеттігін атап өтті:

  • пештегі жарықтарды бітеп, тазаланбаған түтін мұржаларын ретке келтіру, тек ақаусыз жабдықты қолдану;
  • желдету жүйесінің жұмысын жүйелі тексеріп, құбырларды уақтылы тазалап отыру;
  • газ аспаптары мен жабдықтарын, пештер мен каминдерді орнату кезінде тек кәсіби мамандарға жүгіну.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1998474-bir-uidin-eki-balasy-auruxanaga-tusti-tzm-pesti-paidalanuda-saqtyq-saralaryn-saqtauga-saqyrdy/

pixel