Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы мектепте сабақ кезінде жылыту жүйесі жарылды

Опубликовано:

жылыту маусымы
Жылу батареясы. Көрнекі фото: pexels.com

Әлеуметтік желіде Алматыдағы №175 "Жаңа ғасыр" гимназиясында сабақ кезінде жылу жүйесі жарылып, оқушылардың күйіп қала жаздағаны туралы видео тарады. Осыған байланысты білім басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әуезов аудандық білім бөлімі әлеуметтік желіде жарияланған бұл оқиғаның 2020-2021 оқу жылында, нақты айтқанда наурызда №175 гимназияның қазақ тілі кабинетінде болғанын айтты.

"Екінші ауысымның үшінші сабағынан кейінгі үлкен үзілісте жылыту жүйесі жарылды. 6-сынып оқушылары аяқтарына су тимес үшін орындық, партаның үстіне шығып алды, балалар зардап шеккен жоқ. Жүйедегі апатты мектептің техникалық қызметкерлері бірден жөндеді. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.Кесікбаева дер кезінде әрекет етпей, оқушылар әбігерге түсті", – деп хабарлады ведомстводан.

Функционалдық міндеттерін дұрыс атқармағаны үшін қазақ тілі мұғаліміне тәртіптік жаза қолданылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1999227-almatydagy-mektepte-sabaq-kezinde-zylytu-zuiesi-zaryldy/

pixel