Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында 33 жастағы жігіт жұмыс орнында қолынан айырылды

Опубликовано:

Полиция қызметкері блокнотқа жазып отыр
Полиция қызметкері. Фото: Рolisia.kz

Ақмола тұрғыны кәсіпорындағы жұмыс кезінде қолынан айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық медиапорталына сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, 25 қараша күні Көкшетау қаласының полиция басқармасына жедел жәрдем станциясының фельдшерінен телефон арқылы хабарлама келіп түскен.

Медицина қызметкерінің айтуынша, жергілікті аурухананың қабылдау бөлмесіне облыс орталығының 33 жастағы тұрғыны "саусақтарының, білек және қолының жарақаттық ампутациясы" диагнозымен түскен.

Жәбірленуші Көкшетау кәсіпорындарының бірінде жұмыс істейтін көрінеді. Оның жұмыс орнында тоқыма қаптар станогында жұмыс істеген кезде жарақат алғаны белгілі болды.

"Полиция басқармасы осы факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 156 бабы "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы жүргізіледі", – дейді полиция өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1999274-aqmola-oblysynda-33-zastagy-zigit-zumys-ornynda-qolynan-aiyryldy/

pixel