Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірнеше қабырғасын сындырған": Талдықорғанда әйелін аяусыз ұрған ер адам жазаланды

Опубликовано:

отбасылық жанжал
Отбасылық жанжал. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Талдықорғанда әйелін аяусыз ұрып-соққан ер адам жазаланды. Қалалық сот жергілікті тұрғынның біріне қатысты іс материалдарын қарады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық медиа-порталдың жазуынша, отбасылық жанжал фактілері бойынша 44 жастағы ер адам бірнеше рет құқық қорғау органдарының назарына іліккен. Кезекті жанжал кезінде әйел ауруханаға түсіп, дәрігерлер оған мидың шайқалуы, жабық ми жарақаты, параорбитальды гематома, иық пен қабырғаның зақымдануы, бірнеше қабырға сынуы деген диагноз қойған.

Бұл жайттан кейін тергеушілер денеге зақым келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Тергеу кезінде ер адамға жәбірленушіге жақындауға тыйым салынған.

"Іс жүзінде дәлелдемелік база жинақталып, оған бірнеше сараптаманың нәтижелері қоса тіркелді. Тергеу аяқталғаннан кейін айыптау қорытындысы бар материалдар қалалық соттың қарауына жіберілді. Сот үкіміне сәйкес, құқық бұзушыға бір жыл бас бостандығын шектеу және 100 сағат мәжбүрлі жұмыс түріндегі жаза тағайындалды", – дейді Талдықорған қалалық полиция басқармасының анықтаушысы Батырхан Маштақов.

Басылымның мәліметінше, сондай-ақ әйел күйеуінен кету туралы шешім қабылдаған. Қазіргі таңда ол бөлек тұрады.

Ер адам полиция қызметкерлерінің қатаң бақылауында. Жаза кезінде оған ойын-сауық орындарына (кафелер, барлар, мейрамханалар және тағы басқа осыған ұқсас орындарға) баруға және 22:00-ден кейін рұқсатсыз тұрғылықты жерінен кетуге және қаладан кетуге тыйым салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1999496-birnese-qabyrgasyn-syndyrgan-taldyqorganda-aielin-ayausyz-urgan-er-adam-zazalandy/

pixel