jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Маңғыстау облысында әкесі мен үш баласы өлі күйінде табылды

    Әкесі мен ұлы
    Әкесі мен ұлы. Көрнекі фото: Рexels.com

    Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында әкесі мен үш баласы өлі күйінде табылды, деп хабарлайды ІІМ-нің Telegram-дағы POLISIA.KZ ресми жаңалықтар арнасы.

    Telegram-арнаның жазуынша, 11 желтоқсан күні сағат 19.45 шамасында Мұнайлы ауданының полиция бөліміне Мұнайлы ауданында асылып өлу белгілері бар 4 адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

    Шақыруға жедел-тергеу тобы барған. Олар өздігінен асылып өлген 38 жастағы ер адам, сондай-ақ 8 жасар, 4 жасар және 10 айлық балаларды анықтаған.

    "Тексеру барысында Б. есімді азамат жіберілген аудиожазба анықталды. Ол жұбайы Д. есімді азаматшаға өлетінін және балаларын өзімен бірге алып кететінін айтқан.

    Бұл оқиға отбасылық жанжал негізінде орын алғандығы және бұл адамдардың ажырасқалы жатқандығы белгілі болды. Ерлі-зайыптылардың екеуінің де тұрақты жұмыс орындары болған", — дейді аудандық полиция бөлімінің өкілдері.

    Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданының ПБ СДТБТ-де тіркелген. Полиция тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.

    Бұл ретте полиция өкілдері көрінеу жалған ақпарат таратқандар үшін Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған ескертті.

    "Осыған байланысты полиция департаменті азаматтарды заңнаманы қатаң сақтауға, арандатушылыққа берілмеуге, жалған хабарламалар таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады", — делінген хабарламада.

    Маңғыстау облысында әкесі мен үш баласы өлі күйінде табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.