Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында КамАЗ, бензовоз бен жеңіл көлік соқтығысып, 4 адам қаза тапты

Опубликовано:

Камаз, бензовозбен соқтығысқан жеңіл көлік. Фото
Камаз, бензовозбен соқтығысқан жеңіл көлік. Фото: Polisia.kz

14 желтоқсан күні Қызылорда облысының Тереңөзек-Қызылорда тас жолында үш көлік соқтығысып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды POLISIA.KZ ресми жаңалықтар арнасы.

Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Қызылорда облысының Тереңөзек-Қызылорда тас жолының 60/31 шақырымында болған.

"КамАЗ бен бензовоз көліктерінің жеңіл автокөлікпен соқтығысу салдарынан 4 адам қайтыс болып, бір адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды", - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі таңда орын алған жол-көлік оқиғасына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ тиісті сот сараптамалары тағайындалғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2001647-qyzylorda-oblysynda-kamaz-benzovoz-ben-zenil-kolik-soqtygysyp-4-adam-qaza-tapty/

pixel