Екібастұзда 59 жастағы әйелді көлік қағып кетті
Опубликовано:

Павлодар облысында жол-көлік оқиғасынан 59 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында.
Полицияның хабарлауынша оқыс оқиға 23 желтоқсан, жұма күні таңертең болған.
"Сағат 10.45-те жүргізуші "ВАЗ-217030" маркалы автокөлікті басқара отырып, Екібастұз қаласындағы Қ.Нұралин көшесімен жүріп келе жатып, жолдан белгісіз жерде өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті", — делінген хабарламада.
Жол - көлік оқиғасы салдарынан 59 жастағы әйел адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
"Осы факті бойынша тексеру жүргізілуде. Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", — деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2002866-ekibastuzda-59-zastagy-aieldi-kolik-qagyp-ketti/