jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы жұмбақ жағдайда көз жұмды

    Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылы
    Ауыл. Видеодан кадр: КТК арнасы

    Ақтөбе облысында тоғызыншы сынып оқушысының жұмбақ өлімінің мән-жайы анықталып жатыр. Полицейлер жеткіншектің 11-сынып оқушыларының қасында болғанын айтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК телеарнасына сілтеме жасап.

    Оқыс оқиға Шалқар ауданындағы шағын Айшуақ ауылында болған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жасөспірімдер алкогольдік ішімдік ішкен. Олардың арасында жанжал болуы да мүмкін. Бірақ 15 жасар жасөспірімнің өліміне нақты не себеп болғанын қазір тергеушілер анықтап жатыр.

    Марқұмның денесінен зорлық-зомбылықпен болған өлімнің ізі табылмады. Алайда полицейлер бұл іске күдікті он бірінші сынып оқушысы екенін айтты.

    Қайтыс болған жеткіншекті мектеп оқушылары ауылдық дәрігерлік амбулаторияға өздері әкелген. Бірақ дәрігерлер көмектесе алмады.

    Тоғызыншы сынып оқушысының жүрегі ауыратыны белгілі болды, ол есепте тұрған. Өлімге не себеп болғаны тергеудің соңында белгілі болады.

    "Кәмелетке толмаған баланың зорлық-зомбылықтың ізі жоқ, өлі денесі табылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі тергеу аясындағы өзге мәліметтер жариялауға жатпайды", – дейді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

    Дереккөз: КТК

    Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы жұмбақ жағдайда көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.