Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да көлік суға құлап, екі әйел мерт болды

Опубликовано:

Суға батқан көлік. Фото
Суға батқан көлік. Фото: "Мой город" басылымы

БҚО-да көлік суға құлап, салдарынан екі әйел қаза тапты. Қайғылы оқиға дүйсенбі күні болған, деп хабарлайды "Мой Город" басылымы.

Басылым мәліметінше, көлік Ақжайық ауданы Тоған кентінен үш шақырым жерде суға құлаған.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі Lada Vesta көлігінің 61 жастағы иесі көктайғаққа байланысты көлікті басқара алмай, Бударинский каналына құлағанын хабарлады.

Сондай-ақ басылым жол апаты салдарынан оқиға орнында көліктің 62 жастағы жолаушысы қаза тапқанын айтады. Бұдан бөлек жол апаты орнынан қалалық көпбейінді ауруханаға түрлі дене жарақаттарымен тағы екі әйел адам жеткізілген.

Белгілі болғандай, олардың біреуі жансақтау бөлімінде қайтыс болған.

Қазіргі таңда аталған қайғылы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2004023-bqo-da-kolik-suga-qulap-eki-aiel-mert-boldy/

pixel