Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда 19 жастағы қыз өртеніп жатқан үйден ер адамды құтқарып қалды

Опубликовано:

Мария Симонова
Мария Симонова. Фото: СҚО ТЖД ресми сайты

1 қаңтарда Петропавлда жеке тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза тапты. Тағы бір ер адамды өрт болып жатқанын бірінші болып байқаған Мария Симонова есімді студент қыз алып шыққан. Бұл туралы СҚО Төтенше жағдайлар департаменті ресми сайтында хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, 1 қаңтар күні сағат 19.38-де 101 өрт сөндіру қызметінің байланыс телефонына Петропавл қаласындағы Жұмысшы кентіндегі жеке тұрғын үйде өрт шыққаны жайында ақпарат келіп түскен.

Облыс орталығының екі өрт сөндіру бөлімінің кезекші қарауылы өрт орнына дереу жеткен. Өрт сөндірушілер келген кезде үй ашық жалынмен жанып жатқанын көрген. Сондай-ақ көрші ғимараттарға да қауіп төнген. Өрт 20:11 -де оқшауланып, 20:41-де толық жойылған.

ТЖД хабарлауынша, 48 шаршы метр аумақтағы жеке заттар мен жиһаз зақымдалған.

Облыстық ТЖД өрттің алғашқы куәгері Жұмысшы кентінің тұрғыны 19 жастағы Мария Симонова екенін мәлім етті.

Бойжеткен қою түтінді көріп, өрт орнына бірінші болып келген.

"Үйдің есігін ашқан кезде Мария төрт аяқтап есікке қарай келе жатқан адамды көрген. Мария оған үйден шығуға көмектескен, содан кейін ол дереу өрт сөндірушілерді шақырған. 1990 жылы туған ер адамның қолы мен басын күйік шалған, алайда оны дәрігерлер ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ деп тапты", - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Айта кетейік, Мария Симонова ата-анасымен бірге сол көшеде, өрт болған жерге жақын жерде тұрады екен. Ол қалалық техникалық колледждің 4-курс студенті, мамандығы - техник-механик.

Өзінің айтуынша, ол көлік жүргізгенді, жөндегенді ұнатады. Оқу барысында ол еріктілер қозғалысының түрлі акцияларына қатысқан. Спортпен шұғылданып, каратэ секциясында 10 жыл жаттыққан.

Марияның өзі ерлік жасадым деп ойламайтынын айтқан.

"Мен жай ғана адамдар қиын жағдайға тап болғанда бейжай қарамадым. Әрқашан көмектесуге асық болуымыз керек, қиын шақта қол ұшын созуымыз керек. Бұл өмірде бәріміз көмекке мұқтажбыз", - деп түсіндіреді ол өз әрекетін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2004037-petropavlda-19-zastagy-qyz-ortenip-zatqan-uiden-er-adamdy-qutqaryp-qaldy/

pixel