jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Найман қызы
    Әсел Найман қызы
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте ер адам өз пәтерінен өлі күйде табылды

    Пәтер терезесі. Көрнекі сурет
    Пәтер терезесі. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Шымкентте өз пәтерінде ер адамның өлі денесі табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Басылым мәліметінше, 7 қаңтарда сағат 00:40 шамасында Шымкент қаласы ПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Қазанқап ақын көшесіндегі үй тұрғындарынан көрші пәтерде жанжал болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

    ​Жедел-тергеу тобы белгісіз адамдар аталған пәтердің тұрғынын, 42 жастағы ер азаматты ұрып-соққанын анықтады.

    Сондай-ақ алынған дене жарақаттарынан ер адам оқиға орнында қайтыс болғаны белгілі боды.

    "Бұл дерек Қылмыстық кодекстің106-бабы 3-бөлігі (Абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша СДТТБТ-ға тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп хабарлайды ведомство өкілдері.

    Шымкентте ер адам өз пәтерінен өлі күйде табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.