Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда көпқабатты үйдегі өрттен отставкадағы полиция полковнигі, оның әйелі мен ағасы қаза тапты

Жарияланған күні:

Ринат Шоқаев
Ринат Шоқаев. Фото: Іnstagram.com/karaganda_police_academy

Қарағандыда көпқабатты үйдегі өрттен отставкадағы полиция полковнигі Ринат Шоқаев, оның әйелі мен ағасы қаза тапқаны белгілі болды. Ішкі істер министрлігінің Қарағанды ​​академиясы Instagram желісіндегі ресми парақшасында көңіл айтты.

Мекеме отставкадағы полиция полковнигі Ринат Шоқаевтың қайғылы жағдайда қайтыс болғанын атап өтті.

"Бүгін 70 жастағы отставкадағы полковник Ринат Шоқаев, оның жұбайы және ағасы қайғылы қаза тапты. Ринат Шоқаев 1987 – 1997 жылдар аралығында Қарағанды академиясында курс бастығы, одан соң саптық бөлім бойынша Академия бастығының орынбасары болып қызмет атқарды. Қарағанды академиясының дамуына үлкен үлесін қосып, көптеген офицерлерді тәрбиелеп шығарды. Оның өнегелі өмірі мен жарқын бейнесі біздің жадымызда мәңгі сақталады", – деп атап өтті академия.

Олар Ринат Шоқаевтың, оның жұбайы мен ағасының қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2004982-qaragandyda-kopqabatty-uidegi-ortten-otstavkadagy-policiya-polkovnigi-onyn-aieli-men-agasy-qaza-tapty/