Ақтауда техникалық қызмет көрсету орталығында 6 газ баллоны жарылып, бір адам қаза тапты (фото)
Жарияланған күні:
Ақтауда техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінде өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ТЖМ ресми сайты.
Ведомствоның мәліметінше, 12 қаңтар күні Маңғыстау облысының ТЖД 101 пультіне сағат 18.20-да Ақтау қаласындағы техникалық қызмет көрсету станциялардың бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
Осылайша өрт кезінде 6 тұрмыстық газ баллон жарылғаны белгілі болды.
Сондай-ақ өрт сөндіру барысында өз өмірін қауіпке тіккен өрт сөндірушілер 17 газ баллонын шығарып үлгергендігі анықталды.
ТЖМ өрт сағат 18.48-де ауыздықталып, оның ауданы 50 шаршы метр болғанын хабарлайды.
Сонымен қатар, оқиға барысында техникалық қызмет көрсету станциясының бір қызметкері (әйел) қайтыс болғаны, күйік алған тағы үш ер адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылған.
"Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда", - деп жазылған хабарламада.
Бұған қоса құзырлы ведомство өкілдері өртті сөндіруге 25 өрт сөндіруші-құтқарушы, 6 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылғанын айтады. Сол сияқты оқиға орнында ТЖМ апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері де қызмет көрсеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2005181-aqtauda-texnikalyq-qyzmet-korsetu-ortalygynda-6-gaz-ballony-zarylyp-bir-adam-qaza-tapty-foto/