Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында бір жол аумағында бірден үш жол апаты болды

Опубликовано:

Қостанайда жол апатына ұшыраған көлік
Қостанайда жол апатына ұшыраған көлік. Фото: Рolisia.kz

Қостанай облысындағы Юльевка ауылының маңындағы Әулиекөл-Жалдама тас жолында дүйсенбі, 16 қаңтар күні бірден үш жол апаты болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның хабарлауынша, Қостанай облысының Сұлукөл ауылдық округінің Юльевка ауылының маңындағы Әулиекөл-Жалдама тас жолының 33-шақырымында бір күнде үш жол-көлік оқиғалары болған.

Арқалық қаласының тұрғыны Lada көлігін басқара алмай, жыраға түсіп кетті. Апат салдарынан 2009, 1980 және 1987 жылдары туған жүргізуші мен жолаушылар ауруханаға жеткізілді.

Біраз уақыттан кейін Науырзым ауданының Шолақсай ауылының тұрғыны JAC J7 автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіздікке көз жеткізбей, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Меңдіқара ауданының Боровское ауылының тұрғынының басқаруындағы ВАЗ-21154 автокөлігімен соқтығысады. Апат салдарынан 4 адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ осы аумақта Hyundai жүргізушісі – Қарамеңді ауылының тұрғыны қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбей, қарсы жолаққа шығып, бұрын ВАЗ-21154-пен соқтығысқан JAC J7 көлігін эвакуациялап жатқан Әулиекөл ауылы тұрғынының басқаруындағы Audi-80 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам медициналық мекемеге жатқызылды. 13 жастағы жолаушы облыстық балалар ауруханасына, ал 46 жасар жолаушы Әулиекөл аудандық ауруханасының жан сақтау бөлімшесіне жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2005683-qostanai-oblysynda-bir-zol-aumagynda-birden-us-zol-apaty-boldy/

pixel