Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана маңында парашютпен секіру кезінде сарбаз қаза тапты

Опубликовано:

парашютпен секіру
Парашютпен секіру. Көрнекі фото: pixabay.com

2023 жылдың 18 қаңтар күні Астана қаласының маңында парашютпен жоспарлы секіру бойынша оқу-жауынгерлік тапсырмаларын орындау барысында мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапқан. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі таңда оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда. Сондай-ақ тексеріс жүргізіліп жатыр.

Белгілі болғандай, марқұм әскери қызметші 2022 жылдың көктемінде Қарағанды қаласынан әскер қатарына шақырылған. Командирлері мен қызметтестері арасында жоғары беделге ие болған.

"Бауырмал, қызмет барысында өзін үнемі жақсы жағынан көрсететін. Борышын өтеуге келгелі бері әскери істі үйренуге ерекше ынта танытып жүрді. Ата-анасының айбынды ұлы, нағыз патриот және қызметтестері арасында үлгілі азамат болатын. Қарулы күштердің басшылығы мен жеке құрамы сарбаздың отбасы мен жақындарына орны толмас қаза үшін қайғыра көңіл айтады", - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Сонымен қатар ведомство Қорғаныс министрлігінің тарапынан әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2005829-astana-manynda-parasyutpen-sekiru-kezinde-sarbaz-qaza-tapty/

pixel