Алматы облысында ер адамды атып кеткен күдікті ұсталды
Жарияланған күні:
Алматы облысында 32 жастағы ер адам оққа ұшты. Қылмыс Талғар қаласында болған. Күдікті шекарадан өтпек болған жерінде ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz сайтының ресми Telegram-арнасы.
Полицияның хабарлауынша, Талғар полицейлері 32 жастағы азаматты өлтірген болуы мүмкін деген күдіктіні ұстаған.
"24 қаңтар күні сағат 13:48 шамасында Талғар ауданының полиция басқармасына оқ жарақаты бар 32 жастағы азаматтың денесі табылғаны туралы хабарлама түсті. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша жоғарыда көрсетілген бөлімшенің СДТБТ-да тіркелді", – делінген хабарламада.
Полиция 1990 жылғы күдікті, Талғар ауданының тұрғынын Қордай ауылындағы шекарадан өтпек болған кезде ұстағанын айтты.
Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2006752-almaty-oblysynda-er-adamdy-atyp-ketken-kudikti-ustaldy/