Алматыда жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза болды
Жарияланған күні:
Өткен түні Алматы қаласында жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол апаты болған жерден кадарлар Instagram-пабликтердің бірінде тарады.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 26 қаңтар күні түнгі сағат 23:30 шамасында Әуезов ауданында болған.
"Honda көлігінің жүргізушісі, 2003 жылы туған Р. есімді азамат Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, рульді басқара алмай, жолдың шетіндегі жарықтандыру шамының бағанасына соғылған", – делінген полиция хабарламасында.
Жол апаты салдарынан жүргізушінің өзі және көлік салонында болған 2003 және 2004 жылы туған екі жолаушы мерт болған.
"Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды", – деп қосты құзырлы орган.
Еске салайық, бірнеше күн бұрын Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жаппай жол апаты салдарынан үш адам қаза тапқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2007037-almatyda-zantursigerlik-zol-apatynan-us-adam-qaza-boldy/