Шымкенттегі бассейндердің бірінде 4 жасар бала суға батып кетті
Жарияланған күні:
Шымкенттегі фитнес-клубтардың біріндегі бассейнде 2018 жылы туған бала суға батып кетті, деп хабарлайды қалалық ТДЖ Instagram желісіндегі ресми парақшасында.
Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға 29 қаңтар күні болған.
Сол күні сағат 17.25-те Шымкент қаласы ТЖД дағдарыс жағдайларды басқару басқармасына 2018 жылы туған баланың балалар бассейніне батып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.
"Балалар бассейнінде шомылу кезінде (тереңдігі 1,2 м.ені 5 м.) бала ересектердің қарауынсыз қалып, суға батып кеткені анықталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалған", - деп хабарлайды өңірлік ТЖД.
Осы ретте құтқарушылар ата-аналар мен ересектерді ешқашан балаларды қараусыз қалдырмауға, оларға бассейн аумағында және ішінде өзін қалай ұстау керектігін үйретуге шақырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2007303-symkenttegi-basseinderdin-birinde-4-zasar-bala-suga-batyp-ketti/