Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда өрт шыққан мектептің күзетшісі ауыр халде ауруханада жатыр

Опубликовано:

өрт сөндірушілер
Құтқарушылар мектеп күзетшісін өрттен алып шыққан сәт. Видеодан кадр: Астана арнасы

Оралда отқа оранған мектеп-лицейдің күзетшісі ауыр халде ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, 66 жастағы азамат түтінге тұншығып қалған, деп хабарлайды Астана арнасы.

Телеарна мәліметінше, қызыл жалын ғимарат ішіндегі 15 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазір бүлінген жер қоршауға алынып, мектепте сабақ тоқтатылған. Білім ошағындағы 26 сыныптың бәрі де онлайн оқу режиміне көшірілді. Онлайн-сабақтың қашан аяқталары әзірге белгісіз. Мектеп басшылығы анықтаушылардың шешімін күтіп отырғанын айтады.

"5-сыныптың кабинеті өртенген. Қасында тұрған ағылшын тілі кабинеті өртенді. Төбе мен қабырға күйе-күйе. Кабинеттің парталары өртеніпті. Жоғарыдағы шамдарының бәрі өртенген", - дейді № 28 мектеп-лицей директорының орынбасары Әлия Дүйсеғалиева.

Әзірге тілсіз жау электр желісінің қысқа тұйықталуынан болған деген болжам айтылуда. Телеарна тілшісінің хабарлауынша, мектеп күзетшісі электр қуатын ажыратпақ болған кезде токқа соғылған. Түтінге тұншығып, уланған ер адамға жедел көмек көрсетіліп, сыртқа шығарылған. Қазір мектепке қанша шығын келгені анықталып жатыр.

"Өртті жоюға департаменттен 54 адам жеке құрам мен 13 техника жұмылдырылды. Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел әрекетінің нәтижесінде өрттің үлкен аумаққа таралуына жол берілмеді. Қазіргі уақытта өрттің себебі мен оған кінәлі тұлғаларды және материалдық шығынды анықтау бойынша іс-шаралар атқарылып жатыр", - дейді облыстық ТЖ департаментінің басқарма батығы Мереке Жұмағалиев.

Авторы: Е. Карин

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2007556-oralda-ort-syqqan-mekteptin-kuzetsisi-auyr-xalde-auruxanada-zatyr/

pixel