Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысындағы су тасқыны: ТЖМ өңірдегі жағдайды баяндады (видео)

Опубликовано:

Түркістан облысында көшелерді су басты
Фото: t.me/qr_tjm

Түркістан облысында қатты жауын-шашын салдарынан бірнеше ауданды су басты. Қазіргі уақытта үйлерді су басуына жол бермеу үшін аулалар мен көшелерден суды тарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында хабарлады.

Түркістан облысы ТЖД ақпаратынша, жауын-шашын көп түсуіне және қардың еруіне байланысты 2 ақпанда Бәйдібек (Шаян, Таңатар, Ынтымақ, Ақбұлақ, Шақпақ, Бірлік), Сауран (Бабайқорған, Абай, Үлғілі, Орангай, Майдантал, Шаға), Ордабасы аудандарында (Шұбарсу, Бадам, Шұбар) аулалар мен көшелерді су басқан.

"Жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің күшімен үйлерді су басуға жол бермеу мақсатында 2500 бірлік көлемінде қапшықтарды төсеу жұмыстары жүргізілуде. Майдантал ауылында суды тарту үшін жасанды каналдар қазып, аула учаскелерін су басу қаупінің алдын алды.

Қазіргі уақытта құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Жауын-шашын облыс аумағында тоқтады. Алайда су ағыны жалғасуда", - деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Бақытжан Запаров.

Оның сөзінше, суды тартуға барлығы 308 адам, 51 техника, 25 мотопомпа, 1 жүзу құралы жұмылдырылған.

Айта кетейік, өңір тұрғындары әлеуметтік желіде су басқан аулалар мен көшелердің видеосын жариялап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2007827-turkistan-oblysyndagy-su-tasqyny-tzm-onirdegi-zagdaidy-bayandady-video/

pixel