Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында жол апатынан бір шетел азаматы көз жұмып, алты адам зардап шекті

Опубликовано:

жол апаты
Жол белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Кеше, 2 ақпанда Самара-Шымкент тас жолының Қызылорда облысындағы учаскесінде адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылының маңында болған. Полиция мәліметінше, Ресейден Қырғызстанға бет алған Toyota көлігі аударылып қалған.

"Көлік жүргізушісі көктайғақта рөлді басқара алмай қалғаны анықталды. Жол апаты салдарынан оқиға орнында жүргізуші көз жұмды. Тағы алты жолаушы зардап шекті, олар ауруханаға жеткізілді. Олардың барлығы Қырғызстан азаматы", - дейді полиция.

Ақпараттық медиа-порталдың хабарлауынша, аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған көлік құралын басқаратын адамның жол қозғалысы ережелерін бұзуы" бойынша тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ полицейлер 2 ақпан, бейсенбі күні түнгі сағат 12-ден күндізгі үшке дейін ауа райының қолайсыздығынан облыста 14 жол-көлік оқиғасы орын алғанын атап өткен. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, 10 адам жарақат алды.

Қызылорда облысындағы жол апаты
Қызылорда облысындағы жол апаты. Фото: polisia.kz

Еске сала кетейік, кеше, 2 ақпанда Алматыда екі қоғамдық көлік соқтығысып, салдарынан алты жолаушы зардап шеккен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2007859-qyzylorda-oblysynda-zol-apatynan-bir-setel-azamaty-koz-zumyp-alty-adam-zardap-sekti/

pixel