Таразда трансформатор жанында ойнап жүрген 4 жасар бала тоқ соғып, ауруханаға түсті
Жарияланған күні:
Тараз қаласында трансформатордың жанында ойнап жүрген баланы тоқ соғып, ол ауыр жағдайда ауруханаға түсті, деп хабарлайды ТЖМ Telegram-арнасында.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға Тараз қаласындағы Абдуллин көшесінде болған.
Ересектердің қарауынсыз қалып, трансформатордың жанында ойнап жүрген кезде 2018 жылы туған баланы электр тоғы соғып, ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.
Осы орайда Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпсіздік ережесін еске салды.
ТЖМ:
- Трансформаторлы шағын станциялар және электр жеткізу желілерінің жанында ойын ойнауға;
- электр желілік құрылыс аумағына және орынжайларына кіруге, электр қондырғылардың, электр күш беретін орынжайлардың есігін ашуға;
- жақын жерде электр жеткізу желісі өтетін үйлер мен құрылыстардың төбесіне, ағашқа, теміржол вагондарына және басқа объектілерге шығуға болмайтынын ескертті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2007995-tarazda-transformator-zanynda-oinap-zurgen-5-zasar-bala-toq-sogyp-auruxanaga-tusti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.