Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралдағы жантүршігерлік жол апаты видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Жол апаты
Видеодан кадр: instagram.com/policebqo

Өткен түні Оралда жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам қаза тапты. Тағы екі адам зардап шеккен. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті Instagram парақшасында хабарлады.

Полицияның мәліметінше, жол апаты 5 ақпан күні сағат 02:30 шамасында болған.

"Орал қаласы Әбілқайырхан даңғылында Toyota Camry автокөлігін тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші 33 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Audi-80 автокөлігіне соқтығысқан", - делінген хабарламада.

Жол апаты салдарынан Audi жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Ал Toyota көлігінің 1994 жылы туған жүргізушісі мен 2003 жылы туған жолаушысы ауруханаға жеткізілген.

Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша (Автокөлікті басқарған адамның абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүру ережесін бұзуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2008098-oraldagy-zantursigerlik-zol-apaty-videoga-tusip-qaldy/

pixel