Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 8 автокөлік соқтығысқан ірі жол апатынан бір адам қаза тапты

Опубликовано:

Жол-көлік оқиғасы болған жер
Жол-көлік оқиғасы болған жер. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Алматы облысында 8 автокөлік соқтығысқан ірі жол апаты болды. Оқиға салдарынан бір адам қайтыс болып, үш адам ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтар" арнасы хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы 7 ақпан күні Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылының маңында Алматы-Бішкек автожолының 82-шақырымында болған.

Ведомстоның хабарлауынша, апат салдарынан Mercedes жеңіл көлігінің 34 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Ал зардап шеккен 1958, 1978 және 1984 жылғы үш адам Ұзынағаш ауылының ауруханасына жеткізілген, олардың екеуі автобус жолаушысы болған.

Ведомство аталған дерекке қатысты Жамбыл аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін Алматы-Бішкек тас жолында жүк көлігі аударылып, бес адам зардап шеккен болатын. Жол апаты 4 ақпанда болған.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, 82-ші шақырымда ГАЗ көлігінің 32 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік аударылып қалған.

Осыдан кейін 39 жастағы ер адам тізгіндеген жеңіл көлік жол бойында аударылып жатқан ГАЗ көлігіне соғылған. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі, сонымен қатар оның 1986, 1966, 1955 және 1960 жылы туған төрт жолаушысы зардап шеккен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2008524-almaty-oblysynda-8-avtokolik-soqtygysqan-iri-zol-apatynan-bir-adam-qaza-tapty/

pixel