jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Ақтөбе облысында электр станциясы өртенді (видео)

    Ақтөбе облысында өрт болған жер
    Ақтөбе облысындағы өрт болған жерде жүрген өрт сөндірушілер. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

    Ақтөбе облысы Алға қаласындағы электр станциясынан өрт шықты. Оқыс жағдай бүгін, 8 ақпанда таңғы уақытта болған. Зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Ведомство мәліметінше, бүгін сағат 09: 39-да Алға ауданының №6 өрт сөндіру бөліміне Айымбетов көшесіндегі Алға электр станциясының ашық жалынмен жанып жатқаны туралы ақпарат келіп түскен.

    Оқиға орнына 18 құтқарушы және 4 техника жіберілген.

    "Оқиға орнына келген құтқарушылар ғимараттың кіреберіс қақпасының есігін бұзып ашты. Өртті сөндіру барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жүзеге асырылды", - дейді ТЖМ өкілдері.

    Ведомство өрттің көбікпен сөндірілгенін атап өтті. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар оның көршілес қосалқы станция секцияларына таралу қаупін жойған. Алдын ала деректер бойынша өрт алаңы 50 шаршы метрді құраған.

    Өрт 10:29-да оқшауланып, 10:40 толық сөндірілген. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өрттен зардап шеккендер жоқ.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.