Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қоғамдық көлік өртенді (видео)

Опубликовано:

Алматыда қоғамдық көлік өртенді
Алматыда өртенген автобус. Фото: Алматы қалалық ТЖД

Алматыда Төле би көшесі мен Шығыс айналма жолының қиылысында "ЛиАЗ" маркалы автобусы өртенді. Өрт басталған кезде салонында жолаушылар болмаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, өрт сөндірушілер 15 ақпан сағат 08:27-де Медеу ауданы Төле би көшесі Шығыс айналма жолы қиылысында келген сәтте "ЛиАЗ" маркалы автобусы 25 шаршы метр аумақта жанып жатқаны анықталған.

Өрт басталған кезде салонда жолаушылар болмаған.

"Жанып жатқан автобусты сөндіруге дереу көбігі бар оқпандар беріліп, автобус конструкцияларын суытуға бөлек бағытталды. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 08:45-те оқшауланды. Зардап шеккен адамдар жоқ", - делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ қалалық ТЖД өрттің 08:50-де толық сөндірілгенін атап өтті. Оған 8 қызметкер 2 техника жұмыдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2009456-almatyda-qogamdyq-kolik-ortendi-video/

pixel