Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда қаңғыбас ит қапқан 8 жасар бала жансақтау бөліміне түсті

Опубликовано:

Аузына ағаш тістеген ит жүгіріп келеді
Аузына ағаш тістеген ит жүгіріп келеді. Фото: Рexels.com

Атырауда сегіз жасар балаға қаңғыбас ит шабуыл жасады. Бала жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 15 ақпан күні кешкі уақытта болған. Сағат 19:00 шамасында 2015 жылы туылған бала басы мен аяғынан алған ашық жарақатымен жансақтау бөліміне жеткізілді.

Куәгерлердің айтуынша, жараланған балаға ит шабуыл жасаған.

"Бала травматикалық шок жағдайында болды, ол дереу жансақтау және интенсивті терапия бөліміне жатқызылды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бұл фактіні құзырлы органдар тексеріп жатыр.

Облыстық ПД баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне иттің қаңғыбас екенін, ешқандай шара қолданылмағанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2009704-atyrauda-qangybas-it-tistegen-8-zasar-bala-zansaqtau-bolimine-tusti/

pixel