"Жүргізуші бағдаршамға өтіп кеткен": Ақтөбе облысында пойыз бен көлік соқтығысып қалды
Жарияланған күні:
Ақтөбе облысында жұмысшы пойызы мен жеңіл көлік қақтығысып қалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram парақшасы мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"20 ақпан күні сағат 15:50 шамасында Самара-Шымкент трассасының "Жазық" теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасы болды.
Автокөлік жүргізушісі өткелде бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп, жұмыс пойызымен соқтығысқан.
Салдарынан көлік жүргізушісі зардап шекті.
Жол-көлік оқиғасының себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2010147-zurgizusi-bagdarsamga-otip-ketken-aqtobe-oblysynda-poiyz-ben-kolik-soqtygysyp-qaldy/