Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында ер адам 40 жастағы туысын өлтірді деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Кісен салу
Қолына кісен салынған күдікті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қостанай облысында ер адам өзінің 40 жастағы туысының басын жарақаттады. Салдарынан ер адам аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болған, деп хабарлайды ІІМ ресми Telegram-арнасы.

Ведомствоның хабарлауынша, 18 ақпан күні, жергілікті ауруханаға, таңғы сағат 05:00 шамасында бас жарақаты бар 40 жастағы ер адам жеткізген. Ол ауруханада көп ұзамай, жансақтау бөлімінде қайтыс болған.

Анықталғандай, жәбірленушіге сол күні оның 23 жастағы алыс туысы келген. Осылайша олардың арасында ұрыс орын алып, 40 жастағы ер адам ауруханаға түскен.

Сондай-ақ қазіргі таңда күдікті қылмыс орнында ұсталғаны белгілі болды.

Сонымен бірге ведомство ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2010301-qostanai-oblysynda-er-adam-40-zasar-tuysyn-oltirdi-degen-kudikke-ilindi/

pixel