jitsu gif branding logo appbranding logo app

Желіде жол бойында жанжалдасқан көлік жүргізушілерінің видеосы қызу талқыға түсті

Жолдағы көліктер
Жол ережесін бұзу. Видеодан кадр: instagram.com/almaty_kris_p

Куәгерлер Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында Mercedes Gelandewagen және Chevrolet Cobalt көліктерінің жүргізушілері арасындағы жанжалды камераға түсіріп алған. Оқиғаға қатысты полиция түсініктеме берді.

Видео Instagram-дағы almaty_kris_p аккаунтында жарияланған. Кадрлардан Chevrolet жүргізушісі шеткі сол жақ жолақпен келе жатқанын көруге болады, бір кезде оны екі қара Mercedes көлігі қуып жетіп, жүргізушіге белгі беріп жол беруді сұраған. Алайда Mercedes көлігінің жүргізушілері жол бермей, авариялық жағдай тудырған.

"Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. 1990 жылы туған К есімді азамат әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 606-бабының 1-бөлігі бойынша және 1993 жылғы К есімді азамат 595-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылады. Оларға жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 606-бабында: "жол жүрiсiне қатысушының авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан, яғни жол жүрiсiне басқа да қатысушыларды жүру жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етiп, жол жүрiсi қағидаларын бұзу он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады", - делінген.

Ал аталған кодекстің 595-бабы бойынша, жол жүрісі қағидаларының жүру, қайта ауыстыру, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдындағы сигнал беру талабын орындамаған жағдайда бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатыны айтылған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.