Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстан облысында тікұшақ апатты жағдайда қонды

Опубликовано:

"Қазавиақұтқару" тікұшағы
"Қазавиақұтқару" тікұшағы. Фото: instagram.com/mchs.kazaviaspas

Батыс Қазақстан облысында "Қазавиақұтқару" тікұшағы апатты жағдайда қонды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Иә, бүгін мұндай факті болды. Бұл құтқару рейсі емес. Батыс Қазақстан облысында магистральдық мұнай құбырын шолып, қарау кезінде "Қазавиақұтқару" тікұшағы жерге апатты жағдайда қонды", – дейді Руслан Иманқұлов.

Оның айтуынша, тікұшақтың апатты жағдайда қонуына не себеп болғанын оқиға орнына кеткен мамандар анықтайды.

"Әрине, біз мұндай фактілерге бей-жай қараймыз. Ұшақ сақтандырылған, мерзімді техникалық қызмет көрсетуден 2023 жылдың қаңтарында өткен. Экипаж мүшелерімен телефон арқылы сөйлестік, борттағылардың барлығы аман.

Қандайда да бір құтқару операциясын жүргізуге бұл жағдай әсер етпейді. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару бөлімшелері, соның ішінде авиация штаттық режимде жұмыс істеуде", – дейді ТЖМ ресми өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2010616-batys-qazaqstan-oblysynda-tikusaq-apatty-zagdaida-qondy/

pixel