Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында жұмысқа кеткен 47 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Опубликовано:

Ақтөбе облысында жұмысқа кеткен 47 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Ішкі істер министрлігінің қызметкері. Фото: https://t.me/POLICE_of_KZ

Ақтөбе облысында 47 жастағы әйел жұмысқа кетіп, үйіне қайта оралмаған. Жоғалған әйелдің мәйіті күдіктінің автокөлігінен пышақ жарақаты және зорлық белгілерімен табылды, деп хабарлайды Polisia.kz ресми Телеграм-каналы.

ІІМ ресми Телеграм-каналының мәліметінше, полиция қызметкерлері 25 ақпанда жедел-тергеу іс-шаралары кезінде 29 жастағы күдіктіні анықтап, оны қолға түсірген.

"Күдіктінің автокөлігінен пышақ жарақаты түрінде зорлықпен өлтіру белгілері бар жоғалған әйелдің мәйіті табылды",- деліген хабарламада.

Ішкі істер министрлігі Қазақстан Қылмыстық кодексі 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын, күдіктінің қамауға алынғанын мәлімдеді.

Құқық қорғау органдары қылмыстың мән-жайын анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2010849-aqtobe-oblysynda-zumysqa-ketken-47-zastagy-aieldin-maiiti-tabyldy/

pixel