Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда трактор аударылып, ер адам қаза тапты

Опубликовано:

Аударылған трактор
Екібастұзда аударылған трактор. Фото: polisia.kz

26 ақпан күні Екібастұз қаласында "К-700" тракторы аударылып, 59 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz Телеграм-каналында.

Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, 26 ақпан күні Екібастұздағы ЖШС-тердің бірінде жұмыс істейтін 59 жастағы қызметкер "К 700" тракторымен ЖШС аумағындағы қимадан түсіп келе жатқанда аударылып кеткен.

"Дене жарақаттарының салдарынан қызметкер оқиға орнында қайтыс болды", - деп хабарлады құқық қорғау қызметкерлері.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық кодекстің 156 бабы 3-бөлігі, еңбекті қорғау қағидаларын бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2010956-ekibastuzda-traktor-audarylyp-er-adam-qaza-tapty/

pixel