Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда жеке үйлердің бірінде өрт болып, егде жастағы ерлі-зайыпты қаза тапты

Опубликовано:

Өрт сөндіріп жатқан өрт сөндіруші
Өрт сөндірушілер өртті сөндіріп жатыр. Фото: instagram.com/qaragandy_tjd

Қарағандыда жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт болып, салдарынан екі адам қаза тапты. Бұл туралы Қарағанды облысы ТЖД ресми Instagram парақшасында хабарлады.

Ведомствоның дерегінше, өрт Мельничная көшесінде болған.

Салдарынан тұрғын үйдің ағаш жабындары, төбесі, қалқалары, есік-терезе блоктары, ішіндегі тұрмыстық заттар мен жиһаздар, сондай-ақ іргелес салынған шаруашылық ғимаратының ағаш конструкциялары жанған. Қызыл жалын жалпы ауданы 30 шаршы метр аумақты шарпыған.

"Өрт болған жерден үй иелерінің денесі табылды. Қайтыс болғандар 1957 және 1960 жылы туғандар", - делінген өңірлік ТЖД хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2011053-qaragandyda-zeke-uilerdin-birinde-ort-bolyp-egde-zastagy-erli-zaiypty-qaza-tapty/

pixel