Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы коттедж қалашығында топырақ көшкіні жүрді (фото, видео)

Опубликовано:

Бесағаштағы топырақ көшкіні жүрген жер
Бесағаштағы топырақ көшкіні жүрген жер. Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_talgar

Алматы облысы Бесағаш ауылында топырақ көшкіні жүрді. Тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ, алайда топырақтан кей үйлер бүлінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірдің Төтенше жағдайлар департаментіне cілтеме жасап.

ТЖД мәліметінше, 27 ақпан күні сағат 09:50-де Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы Бурабай коттедж қалашығында топырақ көшкені жүргені туралы хабарлама келіп түскен.

Алдын ала болжам бойынша, топырақ көшкінінің жүруіне өңірде екі тәулік бойы жауған қар аралас жаңбыр себеп болған.

"Жауын-шашынның нәтижесінде топырақ шамадан тыс ылғалданып, салдарынан қалқан болып тұрған қоршау - бетон қабырға арқылы Баянауыл көшесіндегі екі жеке тұрғын үйге қарай тау бөктерінен топырақ көшкен. Таудан сырғып түскен топырақ үйлердің бірінің терезесіне зақым келтіріп, ішкі бөлмелерге кірген. Екінші үйде қатты соққыдан жарықтар пайда болған", - делінген ТЖД хабарламасында.

Бесағаштағы топырақ көшкіні жүрген жер
Бесағаштағы топырақ көшкіні жүрген жер. Фото: Алматы облысы ТЖД

Ведомство бұл жайттан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті. ТЖ орнына ТЖД, "Қазселденқорғау" ММ, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жіберілген. Сондай-ақ оқиғаның нақты себебін және келтірілген залалды анықтау жөніндегі комиссия құрылған.

Бесағаштағы топырақ көшкінінің салдары
Бесағаштағы топырақ көшкінінің салдары. Фото: Алматы облысы ТЖД

Таудан түскен топырақтың көлемі шамамен 360 текше метрге тең.

"Төрт тұрғын көршілерінің үйінде, екінші үйдің бес тұрғыны Алматы қаласында", - деп қосты ТЖД өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2011115-almaty-oblysyndagy-kottedz-qalasygynda-topyraq-koskini-zurdi-foto-video/

pixel