Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда жол апатынан қарт әйел мен нәресте зардап шекті

Опубликовано:

Жол апатында аударылған көлік. Фото
Жол апатында аударылған көлік. Фото: Polisia.kz Telegram-арнасы

Талдықорғанда, қалаға кіре берісте жол апаты орын алып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды ІІМ Polisia.kz ресми Telegram-арнасы.

Ведомствоның хабарлауынша, 28 ақпанда Талдықорған қаласына кіре берісте Toyota 4Runner автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алған. Салдарынан 4 адам зардап шегіп, олардың арасында жас нәресте және қарт әйел де болған. Сондай-ақ олардың ауруханаға медициналық тексеруге жеткізілгені белгілі болды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, Алматы облысының 48 жастағы тұрғыны автокөлікті басқара алмай, оның аударылуына жол берген.

Қазіргі таңда оқиға орнында жол көлік оқиғасының мән-жайын анықтау үшін патрульдік полиция қызметкерлері жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2011233-taldyqorganda-zol-apatynan-qart-aiel-men-nareste-zardap-sekti/

pixel