jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Алтай өңірінде автобустың жол апатына ұшырауы салдарынан қазақстандық әйел зардап шекті

    Жедел жәрдем көлігі
    Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Ресейдің Алтай өңірінде болған жол апатынан Қазақстанның бір азаматы жарақат алған, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ тілшісі.

    Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров "Барнаул-Рубцовск" тас жолында болған жол апаты салдарынан Қазақстанның бір азаматы зардап шеккенін айтты. Ресми өкіл әйелдің жақын маңдағы ауруханаға жеткізілгенін атап өтті.

    "Оның жағдайы жақсы, дәрігерлердің бақылауында болады", - деді ол.

    Еске сала кетейік, Алтайдан Қазақстанға бет алған автобус апатқа ұшыраған болатын. Облыстық прокуратура автобустың жүк көлігімен соқтығысқанын мәлімдеді. Апат салдарынан 2 адам қайтыс болып, 5 жолаушы жарақат алған.

    Алтай өңірінде автобустың жол апатына ұшырауы салдарынан қазақстандық әйел зардап шекті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.