Түркістан облысында үш жасар бала суға батып кетті
Жарияланған күні:
4 наурыз күні Түркістан облысында үш жасар бала үйінің маңындағы шомылуға жабдықталмаған суға құлап мерт болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында хабарлады.
Кеше сағат 18:00 шамасында Түркістан облысы ТЖД пультіне Бәйдібек ауданының Боралдай ауылдық округі Жоғарғы Боралдай ауылының жергілікті тұрғындары 2020 жылы туған баланың денесін судан алып шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
Алдын ала мәлімет бойынша, ата-анасының қарауынсыз қалған бала үйінің маңындағы суға түсуге жабдықталмаған өзенге құлап кеткен. Бүлдіршіннің денесін құлаған жерінен бір шақырым жерден тапқан.
Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖ департаментінің, кезекші тергеу-жедел тобының қызметкерлері барған.
Осы ретте облыстық ТЖД тұрғындарға балаларды қараусыз қалдырмауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2011776-turkistan-oblysynda-us-zasar-bala-suga-batyp-ketti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.