Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында көше мен аулаларды су алып кетті (видео)

Опубликовано:

Су басқан аулада жұмыс істеп жатқан техника
Су басқан аулада жұмыс істеп жатқан техника. Кадр: instagram.com/jetisy_tjd

5 наурызда Жетісу облысы Қызылжар аулында күннің күрт жылынуына байланысты бірнеше ауланы еріген қар суы алып кетті, деп хабарлайды облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, өңірде күн +15 С°-қа дейін жылынып, салдарынан қар қарқынды түрде ери бастаған.

"Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылында ауылдың шығыс жағында орналасқан егістік алқаптарынан еріген қар суы аққан. Еріген су арыққа симай, арнасынан асып, Шыныбек көшесіне жайылып, сол аумақты тағы төрт ауланы су басқан", - делінген ТЖД хабарламасында.

Бұл жайттан ешкім зардап шекпеген және тұрғын үйлерді су алмаған.

"Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, су деңгейі төмендеді. Еріген су Байғазы өзеніне құйылып жатыр", - дейді ТЖД өкілдері.

Сондай-ақ ТЖД өкілдері қазіргі таңда ауылда арық жүйесін тереңдету және тазалау, инертті материалдары бар қаптарды дайындау, егістік алқаптарындағы қар суын ағызу үшін арнайы канал қазу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Оқиға орнында ондаған адам мен 11 техника жұмыс істеп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі биыл Қазақстанда қардың көп болуына және жердің қатты қатуына байланысты ауқымды су тасқыны болуы мүмкін екенін ескерткен болатын.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің сөзінше, елімізде су басу қаупі төніп тұрған 255 елдімекен, яғни шамамен 127 мыңнан астам үй бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2011820-zetisu-oblysynda-koseler-men-aulalardy-qar-suy-alyp-ketti-video/

pixel