Түркістандық полицейлер аң аулауға шығып, жоғалып кеткен ер адамның денесін тапты
Жарияланған күні:
Түркістан облысының полицейлері аң аулауға шығып, жоғалып кеткен ер адамның денесін тапты, деп хабарлайды ІІМ жаңалықтарының Telegram-арнасы.
Еске салсақ, 24 ақпан күні Түркістан облысы Бәйдібек аудандық полиция басқармасына Жүзімдік ауылынан 25 километрде орналасқан Арыс өзенінің бойында жергілікті тұрғынның жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскендігі хабарланған болатын.
Жалпы ер адамды іздеу жұмыстарына 100-ге жуық адам, соның ішінде полиция қызметкерлері, сүңгуірлер, ТЖМ қызметкерлері, еріктілер, ауыл тұрғындары мен жоғалған адамның туыстары жұмылдырылған еді. Тұрғынды ертерек табу мақсатында тіпті дрон пайдаланылған.
"10 күннен соң жоғалған адамның денесі су бетінен табылып, жағаға шығарылды", – делінген хабарламада.
Аталған жайт Бәйдібек аудандық полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің "Адам өлімі" бабы бойынша тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2011917-turkistandyq-policeiler-an-aulauga-sygyp-zogalyp-ketken-er-adamnyn-denesin-tapty/