jitsu gif branding logo appbranding logo app

Түркістан облысында аңшылыққа кетіп, жоғалған тұрғынды жүздеген адам іздестіруде (видео)

Арыс өзені
Түркістан облысында құтқарушылар жоғалған тұрғынды іздестіруде. Скриншот: t.me/POLICE_of_KZ

Түркістан облысында ер адам аңшылыққа кетіп, қайта оралмаған. Қазір оны полицейлер мен құрқатушылар іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ІІМ-нің Polisia.kz ресми Телеграм-каналы.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 24 ақпан күні Бәйдібек аудандық полиция басқармасына Жүзімдік ауылынан 25 километрде орналасқан Арыс өзенінің бойында жергілікті тұрғынның жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Іздеу жұмыстарына 100-ге тарта адам жұмылдырылды. Оның ішінде полиция, сүңгуірлер, төтенше жағдай қызметкерлері, еріктілер, ауыл тұрғындары мен жоғалған адамның туыстары да бар", - дейді ІІМ өкілдері.

Оған қоса дрон аппаратының көмегімен 40 километрдей жерге шолу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Су қоймасындағы суды азайту мақсатында арнайы техникалар жұмылдырылып, қосымша арналар қазылып жатыр"- дейді полицейлер.

Аталған жайт бойынша полиция "Адам жоғалу" дерегімен қылмыстық істі тіркеді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.