Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда науқас аурухананың екінші қабатынан құлап кеткен

Опубликовано:

Маңғыстау облыстық ауруханасы
Маңғыстау облыстық ауруханасы. Фото: Lada.kz

Бүгін, Ақтауда науқас Маңғыстау облыстық көпсалалы аурухананың екінші қабатынан құлап кеткен. Дәрігерлер бұған галлюцинация себеп болуы мүмкін деп болжап отыр, деп хабарлайды Lada.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының мәліметіне сүйенген басылымның жазуынша, 1969 жылы туған науқас 6 наурызда шынтақ буынының шығуымен ауруханаға келіп түскен, емдеу кезінде наркоз берілген.

"Бүйір байламдарының шығуы мен үзілуі тұрақсыздығын ескере отырып, ер адамға ісіну басылғаннан кейін ота жасау жоспарланған. Науқас ауруханаға келерден үш күн бұрын жарақаттанған. Науқас алкогольді асыра пайдаланғанын жоққа шығармады", - деді медицина қызметкерлері.

Дәрігерлердің айтуынша, оқиға 10 наурыз күні таңертең ота жоспарланған күні болған.

"Таңертең кезекші дәрігер тексеру жүргізді. Кезекші дәрігердің айтуынша, сағат 07.15-те ер адам травматология бөліміндегі әйнек есіктің терезесін сындырып, дәлізге жүгіріп шыққан. Содан кейін ол екінші қабаттан секіріп кеткен" , - деді облыстық аурухана өкілдері.

Басылымының ақпаратынша, дәрігерлер науқастың галлюцинация немесе алкогольді улану салдарынан екінші қабаттан құлағанын жоққа шығармайды.

Қазір оның жағдайы тұрақты ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Құлау кезінде ер адамның оң жамбасы сынған. Іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2012484-aqtauda-nauqas-auruxananyn-ekinsi-qabatynan-qulap-ketken/

pixel